«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай мазмұнда жазылсын: ««Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында: 1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: «1. Осы Камералдық бақылауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасынының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалатын мәндерде қолданылады.»; 5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: «5. Камералдық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) Заңның 14-бабы 3) тармақшасының және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңының (бұдан әрі-мемлекеттік сатып алу туралы заң) 16-бабы 5) тармақшасының негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен мемлекеттік аудит объектісіне бармастан, тұрақты негізде жүргізеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|