Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 14-49 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы «Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 14-49 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189651 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Әлеуметтік көмек алушылардың санатының тізбесі және шекті мөлшерлері: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері - 509 (бес жүз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет; 2) Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш, жылына бір рет; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|