«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы (2019.12.11. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № А-2/41 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабындағы 3-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса ұсынылып отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін. 2. Күші жойылады деп танылсын: 1) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 4 маусымында жарияланған); 2) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № А-4/123 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қаңтардағы № А-1/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеунін тізілімінде № 4639 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2015 жылдың 21 ақпанында жарияланған). 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін. 4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң, алайда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығының қолданысқа енгізілгенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|