Осы редакция 2018 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 530 бұйрығына 2-қосымша
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру»
1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап жұмыс 2 (екi) күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат). Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|