Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 60-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің 2020 жылғы 20 қантардағы № 39 бұйрығына 61-қосымша
«Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация (860.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация (860.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеуге арналған «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, Салық кодексінің 567-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды. 2. Декларация Салық кодексінің 572-бабына сәйкес жасалады, декларацияның (860.00-нысан) өзінен және оған салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшадан (860.01-нысан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымша тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады. 6. Декларацияға қосымша онда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|