Осы редакция 2019 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 302 қаулысымен бекітілген
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, Маңғыстау облысының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күресу жөніндегі орталығы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасының азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат. Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды. Тексерілу нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|