Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6 тармақшасына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Теміртау қаласы бойынша қоса беріліп отырған коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары бекітілсін. 2. «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының Теміртау әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қала әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 71/7 қаулысына қосымша
Теміртау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары
1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды. 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі: 1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|