Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе - Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) II санаттағы Ақтөбе - Мәртөк - Ресей Федерациясы шекарасы (Орынборға) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе - Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 - 99+692 километр (бұдан әрі - км) учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны; 2) жүріп өту келесі баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Ақтөбе - Ресей Федерациясының шекарасы (Орскқа) республикалық маңызы бар автомобиль жолы; 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - км 17+000, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - км 99+692; 4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,75 метр; автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны - екі бағытта 1 жолақ; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 82 км 692 метр; 7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады; 8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі; 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|