«Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 177 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында: мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: «20-1. Электрондық аукционға сатып алушылар ретінде Заңның 80-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар қатыса алмайды.»; мынадай мазмұндағы 20-2-тармақпен толықтырылсын: «20-2. Электрондық аукцион басталар алдында қатысушылар хабарламаға ЭЦҚ арқылы қол қояды.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мүліктің бағалау құнының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді және электрондық аукционға қатысушы оны БЭСА операторының банктік шотына енгізеді.»; 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «32. Электрондық аукцион мүліктің құнын арттыруға сауда-саттыққа онлайн режимдегі екі және одан да көп тіркелген қатысушылардан өтінімдер болған кезде өткізіледі, ал өтінімдер болмаған жағдайда аукцион өтпеді деп танылады.»; мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын: «32-1. Егер электрондық аукцион басталған сәтте онлайн режимде екіден кем қатысушы болатын болса немесе электрондық аукционға қатысушылар лоттың жарияланған бағаларының бір де бірін растамаса, аукцион өтпеді деп танылады. Бұл ретте электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырумен электрондық аукцион тоқтатылады.»; 37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|