Осы редакция 2018 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 3/470 қаулысымен бекітілген
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламенті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді. 2. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттiк қызмет) Алматы қаласының әкімдігі атынан өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беретін «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - қызмет беруші) кеңсесі көрсетеді. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген себеп және негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы. 5. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - қызмет алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз көрсетілетін қызмет берушінің Стандарттың қосымшасына сәйкес өтініші және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған көрсетілетін қызмет алушының қажетті құжаттары болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|