Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент - Тараз учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы (2023.03.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент - Тараз 674+000 километр (бұдан әрі - км) - 534+700 км учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны; 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Шымкент - Шаян - Жаңатас - Саудакент - Тоғызкент - Ақкөл - Тараз автомобиль жолы; 3) ақылы жолдың бастапқы пункті -674+000 км, ақылы жолдың соңғы пункті -534+700 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр; автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 89 км 300 метр; 7) ақылы автомобиль жолы арқылы (учаске) жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны; 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|