Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 28 сәуірдегі № 211 шешімімен бекітілген
Алматы қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы
1. Осы үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 1) тармақшасына, «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға; 2) жауапты адам - жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам; 3) иттерге арналған үйрету алаңы - иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|