Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 13 «Ведомостволық нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 185 бұйрығы
Толықтырулар мен өзгерістер енгізуге қатысты нормативтік-техникалық құжатты реттеу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының «Ведомстволық нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы» 2014 жылғы 25 қарашадағы № 13 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген ҚР ЕР 218-27-2014 «Автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жай-күйін диагностикалау және бағалау бойынша нұсқаулық» (бұдан әрі - нормативтік-техникалық құжат) нормативтік-техникалық құжатқа: 1) 4.4-тармағын 13.7 тармағына ауыстыру және мынадай редакцияда жазылсын: «13.7 Жөндеу іс-шараларын негіздеу және тағайындау 3 (үш) кешенді көрсеткіштерді есептеу және оларды нормативтік құжаттармен салыстыру негізінде орындалады: - Т қосымшасы бойынша жолдың (Тэс) техникалық деңгейі мен пайдалану жай-күйінің кешенді көрсеткіші; - инженерлік жабдықтар мен орналастыру көрсеткіші, (К) Т қосымшасы бойынша; - ҚР ЕР 218-19-01 бойынша пайдалану ұстау көрсеткіші (Р).»; 2) 4.11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «4.11 Жолдардың жай-күйін диагностикалау және бағалау негізінде алынған ақпарат уәкілетті органмен автомобиль жолдарының деректер базасын қалыптастыру және жүйелі жаңарту үшін қызмет етеді: 1) Автомобиль жолдарын диагностикалау мен паспорттауды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ есепті жылы алынған деректерді өңдеу есепті жылдың 1 қазанынан кешіктірмей; 2) Есепті жылдың 1 желтоқсанына дейін автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау қорытындылары бойынша жол дерекқорына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.»; 3) 5.3.9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|