2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормалары туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) назарларыңызға келесіні ұсынады. 2020 жылғы 1 қаңтарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді. Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды. Үш жылды құрайтын талап қоюдың ескіру мерзімі 2020 жылғы 1 қаңтарда пайда болған салықтық міндеттер мен талаптарға қолданылады. Осылайша, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағы нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды. Осыған байланысты көрсетілген норманы әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында тиісті түзетулер қарастырылған. Аталған түзетуге сәйкес, салықтық міндеттеме мен талап бойынша, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды. Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босату бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заннына жана 57-4 бабы еңгізілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|