ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2019 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 Қаулысын қараңыз
1-бап. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 9 631 121 733 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 6 661 306 420 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 117 751 450 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 884 960 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 2 845 178 903 мың теңге; 2) шығындар - 10 335 030 670 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 143 838 857 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 260 817 717 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 116 978 860 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 131 269 962 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 131 269 962 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -979 017 756 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 1,5 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 419 655 756 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 6,9 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 979 017 756 мың теңге.
2-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 42 550 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 414 430 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2019 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|