Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенция (Гаага, 1970 ж. 16 желтоқсанда)
Осы редакция 2010 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы конвенцияны ратификациялау туралы ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 281 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ұшып жүрген әуе кемесін заңсыз басып алу немесе оған бақылауды жүзеге асыру актілері адамдар мен мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіреді, әуе қатынасын елеулі түрде бұзады және азаматтық авиация қауіпсіздігіне әлем халықтарының сенімін жоғалтады деп ЕСЕПТЕЙ КЕЛІП, мұндай актілердің болуы елеулі алаңдаушылық туғызады деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, мұндай актілерді болғызбау мақсатында қылмыскерлерді жазалау үшін тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге табанды қажеттілік бар деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ КЕЛІСТІ:
Ұшып жүрген әуе кемесінің бортындағы кез келген адам: a) заңсыз, күш қолдану немесе күш қолдану қатері арқылы немесе кез келген басқа да қорқыту түрлері арқылы осы әуе кемесін басып алса немесе оған бақылауды жүзеге асырса не кез келген осындай әрекетті жасауға ұмтылатын болса, немесе b) кез келген осындай әрекетті жасайтын немесе жасауға ұмтылатын адамның сыбайласы болып табылса, қылмыс (бұдан әрі «қылмыс» деп аталады) жасайды.
Әрбір Уағдаласушы Мемлекет мұндай қылмысқа қатысты қатаң жазалау шараларын қолдануға міндеттенеді.
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әуе кемесі тиеліп біткеннен кейін оның барлық сыртқы есіктері жабылған кезден бастап осындай есіктердің кез келгені түсіру үшін ашылған кезге дейін кез келген уақытта ұшып жүрген болып есептеледі. Мәжбүрлі қону жағдайында құзыретті билік әуе кемесі үшін және борттағы адамдар мен мүлік үшін жауаптылықты өз мойнына алғанға дейін ұшу жалғасып жатыр деп есептеледі. 2. Осы Конвенция әскери, кеден және полиция қызметтеріндегі әуе кемелеріне қолданылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|