Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 156 қаулысымен бекітілген
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: аудандардың жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері және облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы, оның аудандық, қалалық бөлімшелері (бұдан әрі - ЗТМО); 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушімен немесе Орталықпен: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешімі (бұдан әрі - шешім); 2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру (бұдан әрі - куәлік немесе оның телнұсқасы); ЗТМО-да: 1) көрсетілетін қызметті алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу (бұдан әрі - өтемақы төлеу); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|