Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жұртшылықпен байланыс департаменті ақпаратқа қол жеткізу бойынша уәкілетті құрылымдық бөлімше болып айқындалсын. 2. Министрліктің Жұртшылықпен байланыс департаменті негізгі функционалдық міндеттеріне қосымша: 1) ақпаратқа қол жеткізу бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жұмыстарын үйлестіру бойынша; 2) Министрліктің ашық отырыстарына қолжетімділікті (әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен) қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың жұмысын үйлестіру бойынша; 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің (бұдан әрі - Министр) «Ашық үкімет» порталдарындағы блогында орналастырылғын ақпараттардың сапасы мен уақтылылығының мониторингі бойынша; 4) сауалнамалар мен интернет-конференциялар өткізу мониторингі бойынша; 5) мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне (бұдан әрі - АҚДМ) ұсыну үшін «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша есептік ақпаратты қалыптастыру бойынша; 6) «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың қорытындысында көрсетілген уәкілетті органның (АҚДМ) ұсынымдарын орындауды қамтамасыз ету бойынша; 7) Министрлік басшылығы және ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырыстарына қатысу үшін материалдар дайындау бойынша; 8) Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылау және АҚДМ-ға. Комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну бойынша; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|