Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Суаратын суды пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығымен бекітілген
Суаратын суды пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Суаратын суды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) әзірленді және суару суын пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады: 1) суды пайдалану жоспары - суармалы егіс алқаптарының құрылымын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимдерін және ирригациялық желілердің техникалық сипаттамаларын ескере отырып, су тұтынушыларға суармалы су беру көлемін, тәртібі мен мерзімдерін белгілейтін құжат; 2) суды есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін (ауызсу, техникалық, сарқынды және басқа да су түрлерін) өлшеуге арналған техникалық құрал; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|