«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: преамбула мынадай редакцияда жазылсын: «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) геномдық ақпарат бойынша сәйкестендіру - анықталып жатқан адамның, танылмаған мәйіттің геномдық профилінің «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «ЖБС» ААЖ) геномдық ақпаратының дерекқоры бойынша сәйкес келуін тексеру;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) дактилоскопиялау - материалдық жеткізгіштерде қолдың тырнақ фалангаларының және (немесе) алақан бетіндегі папиллярлық сызықтардан түзетілетін тері бедерінің таңбасын (бұдан әрі - таңбалар) алу;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) «Жеке басты биометриялық сәйкестендіру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі - біреуі автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйедегі дактилоскопиялық ақпаратты қамтитын, ал екіншісі автоматтандырылған геномдық ақпараттық жүйедегі геномдық ақпаратты қамтитын екі кіші жүйеден тұратын электрондық ақпараттық ресурс;»; 21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «21) халықты құжаттандыруға арналған қолданбалы бағдарламалық қамтылым (бұдан әрі - ҚБҚ) - Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыруға және тіркеуге арналған бағдарламалық өнім;»; 12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|