«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысанын, ұсыну қағидаларын және мерзімін бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын айналымы бойынша декларация нысаны бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларында: жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына 1-қосымша»; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Биоотын айналымының теңгерімі» (бұдан әрі - Декларация) биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|