Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығымен күші жойылды
«Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және көмірді ашық және жер асты тәсілдерімен өндіру жөніндегі өндірістік объектілердің, байыту және брикеттеу фабрикаларының қызметіне, жер учаскесін таңдауға, жабдықтары мен жұмыс орындарына, еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және тамақтануға, сумен жабдықтауға, желдетуге, жылытуға және жарықтандыруға, көмір өнеркәсібінде пайдаланылатын жабдықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды: 1) анкерлеу - арнайы бөлшектермен (металл, темір бетон, ағаш өзектер) машиналар мен құрылыстардың бөліктерін бекіту; 2) байыту фабрикасы - техникалық құнды немесе кейін қайта өңдеуге жарамды өнімдерді алуға арналған минералды шикізатты алғашқы өңдеуден өткізетін объект; 3) брикет фабрикасы - көмірді арнайы жабдықтардың көмегімен брикеттеу жүргізілетін кәсіпорын; 4) брикеттеу - кейін қолдану кезінде шығынды азайту мақсатында байланыстырушы заттарды қосу немесе қоспау арқылы қоспаларды нығыздай отырып, қажетті мөлшердегі және қалыптағы брикет кесектерін алу; 5) генерация - электр энергиясын, шуды, электромагниттік дірілді және жарық тербелістерін шығару; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|