«Тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; 3, 4, 5, 7, 8, 11 және 13-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі» (индексі D 003, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. «Азық-түлік өнімдерін, алкогольсіз және алкогольді сусындар, темекі өнімдерін сатып алу» 2-бөлімінде әрбір сатып алу «Азық-түлік өнімдерінің атауы» бағанына азық-түлік өнімдерінің тиісті тобына жеке жолда жазылады, мысалы: қара бидай наны, күріш, ұн «нан – тоқаш өнімдері және жармалар» тобына; қант, тосап, кәмпит «қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер» тобына жазылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|