Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы медициналық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығының 5-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Шымкент қаласы мен Түркістан облысының әкімдіктері (келісім бойынша): 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шымкент қаласы мен Түркістан облысының халқына медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мен Түркістан облысында денсаулық сақтау жүйесінің үздіксіз және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін; 3) Шымкент қаласы мен Түркістан облысының халқына медициналық көмек көрсетуде негіссіз бас тартуға жол бермесін; 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісе отырып 2018 жылғы 30 қарашаға дейін 2025 жылға дейінгі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша инфрақұрылымды дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын әзірлесін және бекітсін; 5) әкімшілік бағыныстылығына қарай екі өңірдің халқына медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде 2025 жылға дейінгі инфрақұрылымды дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша шараларды қабылдасын; 6) «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына сәйкес білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар, шұғыл түрде көрсетілімі бар пациенттерді жақын маңдағы медициналық ұйымға тасымалдауды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|