«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 224 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 шілдеге дейін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 133 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20844 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта алып қою лимиттері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында балық және басқа су жануарларын 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі аралықта аулаудың лимиттері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|