Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы (2019.10.01. берілген толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ақтөбе қаласында екі аудан құрылсын. 2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының екі аудандарының шекаралары белгіленсін. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2019.10.01. № 77 Қаулысы және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019.10.01. № 409 шешімімен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1 Актөбе облысының өкiлдi және атқарушы органына Ақтөбе қаласының Кенес Нокин, Ақшат, Белогор, Белогор карьері, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое, Украинка, Өлке, Шиелісай, Жаңақоныс, Құрашасай, Жіңішке, Шестихатка, Қурайлы, Георгиевка, Елек, Өрлеу, Қарғалы, Ақжар, Мағаджан, Сазды ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру жөнінде ұсыныс енгізсін. 3. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен қаулыны және шешімді «Ақтөбе қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескенқаулыны және шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осыбірлескен қаулыны және шешімдіАқтөбе қалалықмәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|