Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 167-нқ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қаржы және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қарашадағы № 612-НҚ бұйрығымен бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі - қызметтер) құнын айқындау тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|