Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттама (Санкт-Петербург қ., 2016 жылғы 26 желтоқсанда) (2017.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2017 жылғы 12 шілдедегі № 96-VI Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары («жол картасы») туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы № 74 және «Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын ескере отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігіне Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары («жол картасы») туралы» 2014 жылғы 10 қазандағы № 75 шешімдерін орындау маңыздылығын тани отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің 3-бабына сәйкес Тараптар осы Хаттамамен Қырғыз тарапына көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оның пайдаланылуын бақылауды айқындайды.
1. Осы Хаттаманы іске асыру Тараптардың уәкілетті органдарына жүктеледі. Техникалық жәрдем көрсету іс-шарасына жауапты уәкілетті орган - техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын келісу үшін Тараптар уәкілеттік берген мемлекеттік орган немесе ұйым. Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға сәйкес уәкілетті орган - техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға сәйкес Тараптар ынтымақтастығы процесінде берілетін және (немесе) көрсетілетін көмекті беруге, алуға және пайдалануға Тараптар уәкілеттік берген мемлекеттік орган немесе ұйым. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|