Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 21-қосымша
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен күші жойылды
«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсе арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) бақылау-касса машиналарының (бұдан әрі - БКМ) моделін БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізу (енгізуден бас тарту) - салықтық өтінішті қабылдаған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін уақыты - 20 (жиырма) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) БКМ моделін БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы шешімді беру; 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша БКМ енгізуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|