Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018.28.05. № 121 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 333 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.28.05. берілген өзгерістермен)
1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, Маңғыстау облысының білім басқармасымен, қалалық, аудандық білім бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 «Үздік педагог» атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11058 болып тіркелген) бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы еркін нысандағы қолхат, не Стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|