Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/4-VII «2023-2025 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Риддер қалалық мәслихаты ШЕШTІ: 1. Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 23/4-VII «2023-2025 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде №176853 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Риддер қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 10465052,0 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 6924402,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 28797,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 22083,0 мың теңге; трансферттер түсімі – 3489770,0 мың теңге; 2) шығындар – 10739013,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – -52343,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 52343,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -221618 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 221618 мың теңге; қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу – 122933,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 344551,0 мың теңге.»; 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. 2023 жылға қаланың жергілікті атқарушы органының резерві 139290,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.»; 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 324747,0 мың теңге мөлшерінде көзделсін.»; 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|