«Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18978 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі; 2) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі; 3) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға; 4) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|