|
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында: 6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) 1 (бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 10 (он) жылға;»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына қосымша
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|