|
|
|
29.03.2023 Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Казақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі – мемлекеттік тіл. «Тілдер туралы» Заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі»,-деп көрсетілген. Қазіргі таңда әрбір мемлекеттік орган тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ең алдымен мемлекеттік тілде жүзеге асыру міндет болып табылады. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметкер қай салада болмасын өзінің тіліне құрметпен қарап, іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізсе айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетініміз анық. Ана тіліміз әрбір ұлттың негізгі қасиетті белгісі, ұлттың жан дүниесі. Тіл тағдыры - ұлт тағдыры, ұрпақ тағдыры. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қазақ тілі, мемлекеттік тіл еліміздің барлық аумағында қолданыс үрдісінде кеңейді. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сонымен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылады, қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Басқа тілдерді қолданудың қажетті жағдайларына іс жүргізу әрекеттерін орындау және белгілі бір тілде шешімдер қабылдау сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар кіреді. Сондықтан, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды. Құқықтық тұрғыдан сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу нормасы жоғары тұруы тиіс. Қазақстанда сот ісін жүргізу тілі қазақ тілінде деп нақты айту қажет. Демек, тіл мәселесі тек сот саласын ғана емес, барлық салаларды қамтыған кезде одан әрі дамып, өркендейтіні анық. Әрбір қазақстандық осы мақсатқа жетіп, өзінің азаматтық жауапкершілігін түсінген кезде, бұл өзекті мәселе өздігінен шешілетініне сенімдіміз.
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі Айгүл Сүлейменова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |