Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттма (Санкт-Петербург қ., 2016 жылғы 26 желтоқсанда) (2017.17.03. берілген өзгерістермен)
ҚР 2017 жылғы 12 шілдедегі № 92-VI Заңымен ратификацияланды 2017 жылғы 14 тамызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағына Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары («жол картасы») туралы» 2014 жылғы 29 мамырдағы № 74, сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын ескере отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының бірыңғай экономикалық кеңістігіне Қырғыз Республикасының қосылуы жөніндегі іс-шаралар жоспары («жол картасы») туралы» 2014 жылғы 10 қазандағы № 75 (бұдан әрі - Жол карталары) шешімдерін орындау маңыздылығын тани отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) іске асыру мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
2017 ж. 17.03. Хаттамамен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап
1. Тараптар Келісімнің 2-бабына сәйкес осы Хаттамамен қосымшаға сай жол карталарының іс-шараларына сәйкес келетін, жалпы сомасы 41 038 096 (қырық бір миллион отыз сегіз мың тоқсан алты) АҚШ доллары болатын іс-шаралар тізбесін бекітеді. 2. Осы Хаттамаға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесі оның ажырамас бөлігі болып табылады. 3. Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларын нақтылауды Тараптар бірлесе отырып: - Қазақстан тарапынан - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган; - Қырғыз тарапынан - еуразиялық интеграция шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|