2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Түркістан облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 1 327 460 504 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 64 138 098 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 5 898 267 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 323 мың теңге; трансферттер түсiмi - 1 257 418 816 мың теңге; 2) шығындар - 1 357 462 076 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - - 18 837 174 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 27 950 596 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 46 787 770 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3 184 338 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 3 184 338 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -14 348 736 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 14 348 736 мың теңге. 2. 2025 жылға облыстық бюджетке және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз; облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз. төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш және Сауран аудандарынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз; Бәйдібек ауданының бюджетіне - 57,5 пайыз; Қазығұрт ауданының - 57,4 пайыз; Ордабасы ауданының - 67,7 пайыз; Сарыағаш ауданының - 80,4 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|