Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаментінің Жоспарлау және қаржы-шаруашылық басқармасы: 1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін; 3) осы бұйрықтың іске асырылуын тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы 12 мамыр
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|