«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөнінде мемлекеттік комиссия құру туралы
2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Мемлекеттік комиссия: 1) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін бекітсін; 2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы № Жарлығына ҚОСЫМША
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|