«Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 29 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7444 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың үй-жайына қойылатын талаптарда: 4, 5, 6-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын: «4. Нотариустың үй-жайын жертөле үй-жайларда, көлік жанармай станцияларында, көлік жуу орындарында, монша кешендерінде, жер асты өтпелдерінде, киоскілерде, паркингтерде, сауда орталықтары (дүкендер), базарларда (автокөлік базарында), контейнерлерде және басқа да уақытша құрылыстарда орналастыруға жол берілмейді. Ғимараттың кіретін жерінде осы ғимаратта нотариустың бар екендігі және оның жұмыс тәртібі туралы ақпарат орналастырылады. 5. Нотариустың үй-жайы нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинеттен, сонымен қатар келушілер күтетін нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлмелерден (холл) тұрады. Нотариаттық іс жүргізуді сақтау үшін жеке бөлме болмаған кезде, нотариаттық іс жүргізуді нотариаттық іс-әрекет жасауға арналған кабинетте жабылатын темір шкафтарда сақтауға жол беріледі. Нотариаттық іс жүргізуді сақтайтын бөлек бөлме болған жағдайда, жоғалуға жол бермеу және нотариаттық іс жүргізуге дер кезінде қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, келесі жағдайлар: оқшаулық; үй-жайында (бөлмеде) газ, су құбыры, кәріз және басқа да магистральдық құбыржолдар болмауы тиіс; үй-жайдың (бөлменің) сыртқы есіктеріне металл парақ қағылады және берік ысырмалары болады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|