Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 558 «Квота бөлу туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларының 22-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 558 «Квота бөлу туралы» бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін: 2021 жылға арналған шетелдік және маусымдық жұмыскерлер санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын; 2) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|