Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 133 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы С. Дүйсембіновке жүктелсін. 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2017 жылғы 3 наурыздағы № 96 қаулысымен бекітілген
Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру тәртібін және оның сипаттамасын белгілейді. 2. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі. 3. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.
2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
4. Куәлік: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|