Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 5-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік (2020.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі - ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады. 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) академиялық кезең - ТжКБ ұйымдары семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның бірінде өз бетінше белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқыту кезеңі; 2) академиялық сағат - кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты; 3) ТжКБ-нің арнайы оқу бағдарламасы - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (кәмелетке толмағандар үшін) мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың (кәмелетке толғандар үшін) ұсынымдары ескеріле отырып анықталатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды кәсіптік оқытуға және дамытуға бағытталған оқу бағдарламасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|