|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бұйрығына 8-қосымша
«Мұнай және газ өндіру технологиясы» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы: «Мұнай және газ өндіру технологиясы» Кәсіби стандарты Қазақстан Республикасының «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес негізгі кәсіптерді құрылымдау, жұмыскерлердің жұмыс сипаттамалары мен негізгі еңбек функцияларын сипаттау үшін біліктілік деңгейі мен құзыреттілігіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындау үшін жасақталған. Осы кәсіби стандарт өндірістік процестерді жасақтау және оңтайландыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экологиялық стандарттарды сақтау, өндірістік ресурстарды басқару және жаңа технологияларды енгізу үшін қолданылады. Ол мұнай мен газды өңдеуге байланысты экономикалық қызметтің түрлі аспектілерін қамтиды. 2. Осы кәсіптік стандартта келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) бастапқы өңдеу - мұнай мен газ шикізатын қайнау температурасының әртүрлі аралықтарындағы фракцияларға бөлу; 2) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат; 3) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті; 4) кәсіптік стандарт - формалды (үстірт) және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат; 5) машық - кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|