«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары бойынша есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының насаналы индикаторлары бойынша есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 320 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары бойынша есептеу әдістемесінде: 5 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Әділет органдары жүйесінің ағымдағы даму жағдайын әділ бағалау үшін көрсеткіштердің есептеуі келесі нысаналы индикаторлар бойынша жүргізіледі: «Қарауға келіп түскен заң жобаларының тұжырымдамаларына және заң жобаларының жалпы санынан уақытылы жүргізілген заң сараптамасының үлесі»; «Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының, Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдерінің негізінде өзгертілген не күшін жойған актілерінің үлесі (есеп беру кезеңінде келісілген жобалардың жалпы санынан)»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|