«Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 4721 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін. 2. Қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Н.Ахатовқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 23 ақпандағы № 2905қаулысымен бекітілген
«Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ветеринариялық бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады. 3. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар: 1) Қызылорда қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің «Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|