|
|
|
Атырау қаласының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 31 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына және «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Атырау қаласының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін; 2021 жылғы 2 тамыздан бастап орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылсын; «Ashyq» жобасынан тыс: - құрылыс жұмыстарын жүргізуге; - өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне; -жанаспайтын қызмет көрсетуге (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.), гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне; - туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.); - қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етілсін; Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері қала аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 2. «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан тыйым салынсын: 2.1. букмекерлік кеңселердің қызметіне; 2.2. көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізуге; 3. Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі уақыты және жұмыс режимі бойынша тоқтатылсын және шектелсін: 3.1. Сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері - «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 3.2. «Ashyq» жобасына қатысатын азық-түлік сататын жабық базарлардың және азық-түліктік емес жабық және азық-түліктік емес ашық базарлардың жұмыс кестесі - күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады. азық-түлік сататын ашық базарлардың жұмыс кестесі - күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады. 3.3. «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға, асханаларға - тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (тамақты жеткізу және алып шығу бойынша жұмысқа 24.00-ге дейін рұқсат етіледі). 3.4. «Ashyq» жобасына қатысатын косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, «барбер шоптар», объектілерге жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (объектінің толтырылуын 50%-дан асырмау кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады. 3.5. «Ashyq» жобасына қатысатын спорт кешендері, фитнес орталықтары, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорттық және тренажер залдарына тек жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (толтырылуын 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан асырмау кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 3.6. «Ashyq» жобасына қатысатын сауналар, СПА орталықтары, бассейндер, моншаларға жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден сағат 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (толтырылуын 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан асырмау кезінде), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 3.7. «Ashyq» жобасына қатысатын мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, кинотеатрлардың қызметіне жұмыс күндері 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (объектінің толтырылуын 30%-дан асырмау кезінде), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 3.8. «Ashyq» жобасына қатысатын компьютерлік клубтардың, караоке, бильярд, боулингтерге жұмыс күндері 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (объектінің толтырылуын 30%-дан асырмау кезінде), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 3.9. «Ashyq» жобасына қатысатын лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындарға жұмыс күндері 12.00-ден 20.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына 22.00-ге дейін (бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде) жұмыс істеуге рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. 3.10. «Ashyq» жобасына қатысатын ашық және жабық балалар ойын - сауық орталықтарына жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 22.00-ге дейін (толтырылуы 30 адамнан аспайтын), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады; 3.11. «Ashyq» жобасына қатысатын жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға арналған ашық алаңдардағы жәрмеңкелерге сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 4. Атырау қаласының әкімдігі, қалалық полиция басқармасы, «Атамекен» ҰКП АФ: 1) мониторингтік топтардың санын арттырсын; 2) карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді қамтамасыз етсін. 3) қызметі тоқтатыла тұрған объектілерді бақыласын; 4) «Ashyq» жобасы бойынша талаптардың сақталуын бақыласын; 5) «Ashyq» (0-20 астам тіркелу) режимін бұзған бизнес субъектілері ескертусіз 1 ай мерзімге шығарылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы 2021 жылғы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |