ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
«Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ереже бекітілсін.»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережеде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ереже»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде өз қызметі бойынша республикалық жедел штабқа бағынысты облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары жұмыс істейді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|