Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Aurora Mining Ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2027 жылғы 19 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут орнатсын. 2. «Aurora Mining Ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға учаскелерді толық көлемде шектеулі нысаналы пайдалануды белгілеу салдарынан келтірілген залалдар үшін өтемақы қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді рекультивациялауды жүргізсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 19 қазандағы № 220 қаулысына қосымша
«Aurora Mining Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу үшін жер учаскелерінің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|