Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К. Т. Надыровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-154 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|