Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 352/31 «Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 352/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6450 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: 1) Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығына (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану қағидалары), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі «Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» № 331 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» № 90 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 29 сәуірдегі «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 249 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|